Астана-Қорғалжын жолында қалып қойған 30 адам құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 ақпан күні 16:00-де республикалық Астана-Қорғалжын-Қорғалжын қорығы (170 шақырым) жолында қар құрсауында қалған 20 жеңіл көлік пен 30-дан астам адамды эвакуациялау түнгі бірде аяқталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Бұған дейін хабарланғандай , 19 ақпан күні сағат 16:00-де қар құсауында қалғандар көмек сұрады. Аталған ақпарат тез арада Қорғалжын ауданының әкімі мен орынбасарына хабарланды. Техникалар тұрып қалған жерге «Газ-66 Вахтовка» мен күреуіші бар фронтальдық жүк тиегіш көлігі аттанды.

Қазіргі уақытта қар құрсауынан құтқарылғандар барлығы белгіленген жерлеріне жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар