«Астана» командасының велошабандозы «Милан-Сан-Ремо» жарысында 8-ші болып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия жолдары бойымен «Милан - Сан-Ремо» бір күндік жарысы өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Биылғы жарыстың жеңімпазы италиялық «Bahrain-Merida» командасының шабандозы Винченцо Нибали болды. Австралиялық «Mitchelton-Scott» командасынан өнер көрсеткен Калеб Юэн екінші, «Groupama-FDJ» командасының мүшесі Арно Демар үшінші болып келді.

«Астана» командасының велошабандоздарының арасынан үздік көрсеткішті Магнус Корт көрсетті. Ол мәреге 8-ші болып келді.

«Милан - Сан-Ремо». 294 километр


1. Винченцо Нибали (Италия, «Bahrain-Merida») - 7:18:43


2. Калеб Юэн (Австралия, «Mitchelton-Scott»)


3. Арно Демар (Франция, «Groupama-FDJ»)


8. Магнус Корт (Дания, «Астана»).

Соңғы жаңалықтар