«Астана» командасының велошабандозы Лопес «Испания Вуэльтасында» жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда «Вуэльта» суперкөпкүндігінің 15-ші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарысты «Астана» командасының испаниялық шабандозы Мигель Анхель Лопес жеңіп алды. Оның ізін ала ресейлік «Katusha-Alpecin» командасынан Ильнур Закарин мен «Team Sunweb» командасынан голландиялық Вилко Келдерман келді. 

Жалпы есеп бойынша, «Sky» командасының мүшесі британиялық Крис Фрум көш бастап тұр. Екінші орынға «Bahrain Merida» командасының мүшесі италиялық Винченцо Нибали тұрақтады. Үздік үштікті Закарин тұйықтады. Лопес 6-шы орынға көтерілді, италиялық Фабио Ару сәл кейінірек тұр.

«Вуэльта», 15-ші кезең, Алькала ла Реаль - Сьерра-Невада, Испания, 129.4 шақырым.

1. Мигель Анхель Лопес Морено (Испания, «Астана») - 3:34:51
2. Ильнур Закарин (Ресей, «Katusha-Alpecin») - +0:36
3. Вилко Келдерман (Голландия, «Team Sunweb») - +0:45

10. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») - +1:02

Жалпы есеп:

1. Крис Фрум (Ұлыбритания, «Sky») - 62:06:25
2. Винченцо Нибали (Италия, «Bahrain Merida») - +1:01
3. Ильнур Закарин (Ресей, «Katusha-Alpecin») - +2:08
6. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») - +2:51
7. Фабио Ару (Италия, «Астана») - +3:24.

Соңғы жаңалықтар