«Астана» командасының капитаны «Джиро д'Италия» жарысынан тыс қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велокомандасының капитаны Танел Кангерт шынтағын сындырып алуының салдарынан «Джиро д'Италия» жарысында өнер көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Кангерт «Джиро» жарысының 15 кезеңінің шешуші бөлігінде құлап, шынтағын сындырып алды.

«Бұл команда капитаны үшін жарыстың соңы деуге болады»,-делінген команданың твиттердегі ресми блогында.

«Джироның» 15-ші кезеңінің алдында Кангерт жалпы есепте 10-шы орынға табан тіреген болатын.

Соңғы жаңалықтар