Астана клубы өзін үлкен жетістік ретінде көрсете алды - Давид Чикваидзе

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана клубы өзін үлкен жетістік ретінде көрсете алды. Бұл туралы Астана клубының үшінші отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында БҰҰ Женева бөлімінің бас директоры аппаратының жетекшісі Давид Чикваидзе мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, Астана клубының болашағы зор. Бұл ретте ол іс жүзінде атқарылатын өзекті шараларды мақсатты түрде іздестіруге  қауқарлы алаң және осы алаңда әлем елдерінің көптеген басшылары пікір алмасып, бірлескен шешімдерді жасай алар еді.  Сондықтан Астана клубы қазірдің өзінде қызықты алаң, алайда оның ауқымы кеңейе түсетініне сенімім мол. Біз Қазақстан елордасында түрлі көзқарастарды тыңдап, өте қызықты әрі маңызды пікірлерге куәгер болдық. Осы орайда бүгінде түрлі тараптар арасындағы өзара сенімсіздіктің негізін, сондай-ақ кеңінен талқылауды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындай алдық», - деді Давид Чикваидзе Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда ол Қазақстанның халықаралық аренада жүзеге асырып жатқан бастамалары үшін ҚР Президентіне алғысын айтты.

«Атап айтсақ, Астана клубы өзін үлкен жетістік ретінде көрсете алды, сондықтан оның әлеуеті де жоғары»,-деп түйіндеді сөзін Давид Чикваидзе.

Бұдан бұрын хабарланғандай , 13 қарашада елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана клубының үшінші отырысы өтті. 

Осы халықаралық пікірталас алаңы әлемнің 28 елінен 60-тан астам  көрнекті саяси қайраткерлерді, дипломаттарды, танымал саясаттанушыларды, беделді ғалымдарды жинады.  Клубтың жұмысына жоғары дәрежелі саясаткерлер - бұрынғы мемлекет басшылары Абдулла Гүл (Түркия), Вацлав Клаус (Чехия), Данило Тюрк (Словения)  қатысты.

Соңғы жаңалықтар