«Астана» қаржы орталығы криптовалютаны қалай саудалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас кезінде атаған бастама тестілік үлгіде болады. Ол үшін «Астана»  Халықаралық қаржы орталығына арналған заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір бізде криптовалюталар нарығын реттейтін заң жоқ. Бірақ алдағы уақытта «Астана»  Халықаралық қаржы орталығы туралы»  заңға өзгеріс енгізіп, тек орталық аймағында ғана криптовалюталарға арналған жобаларды іске асырып көрмекпіз. Ол тестілік алаң болады. Соның негізінде криптовалюталарды саудалайды. Бірақ бұның барлығы әзірше тәжірибе үлгісінде болады», - деді «Астана»  ХҚО-ның цифрлық теxнологиялар бойынша директоры Әсел Жиенбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, электронды ақша сияқты цифрлық теxнологиялардан қашпау қажет. Алдымен оны сынап көрген жөн. Сөйтіп, қолайлы заңнаманы қабылдап, іске асыру - қазіргі заман талабы. «Негізі, криптовалюталардың болашағы бар. Бұл «екінші интернет»  іспетті. Мәселен, кезінде интернет те солай басталды. «Биткойн»  криптовалютаның бірінші үлгісі деуге болады. Алдағы уақытта осы бағытта күрделі өзгерістер болады», - деп атап көрсетті Ә.Жиенбаева.

Айта кетейік, бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында «Астана»  Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ЭКСПО аймағында құрылатын биржада криптовалюталар сияқты жаңа қаржы теxнологиялардың болатынын мәлімдеді. «Былайша айтқанда, қазіргі ЭКСПО аймағы болашақта «криптоайлаққа»  айналады деген сенім бар» , - деді Қ.Келімбетов. 

Соңғы жаңалықтар