Астана-Қарағанды жолында такси қызметінің көлігі өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Қарағанды жолында такси қызметінің көлігі өртенді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 шілдеде сағат 22:30-дар шамасында Астана-Қарағанды тас жолының бойында Анар стансасының тұсында болған. Қарағандылық нөмірлі «Престиж» такси компаниясына тиесілі автомобиль жол шетіндегі қоршауға соғылған.

Соққы кезінде отқа оранған көлік толық жанып кетті. Зардап шегушілер жақын маңдағы Оскаравка кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Олардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Көлік апатының мән-жайын полиция қызметкерлері тексеруде. Видеоны редакцияға оқиға куәгерлері жолдады.




Соңғы жаңалықтар