«Астана-Қарағанды» тас жолында жолаушылар автобусы аударылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, 1 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша жол- көлік оқиғасы 25-ші қазанда таңғы сағат 07-20-лар шамасында «Астана-Қарағанды» тас жолының 1 340 шақырымында орын алған.

«Қарағанды облысынан Астанаға бағыт алған «Хюндай» автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай көлік жол шетіндегі орға аударылған. Сол кезде, көлік ішінде 15 жолаушы отырған. Жолаушылардың барлығы аман, тек 1993 жылғы астаналық түрлі дене жарақатымен Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілді», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған жол апатына байланысты ҚР ҚК 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар