Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығының» мекен-жайы өзгерді, деп хабарлады astana.gov.kz. Енді Орталық Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан «Өркен» іскер орталығында жұмысын жалғастырады (бұрынғы мекен-жайы: Брусиловский көшесі 17/3).

Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар мен мақсатты топ өкілдерін қолдау бойынша келесідей көмек түрлерін көрсетеді: - бос жұмыс орындарына орналастыру; - әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау; - жастар тәжірибесіне жолдама беру; - ақылы қоғамдық жұмыстар; - кәсіби оқытуды ұйымдастыру. Байланыс телефондары: 57-87-00, 57-88-88; ресми сайты www.cz.astana.kz.

Соңғы жаңалықтар