Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«19 наурыз күні Ақмола облысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, түнге қарай солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді», - делінген хабарламада.

Астанада 19 наурыз күні таңертең және күндіз жауын жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар