Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы  басшысының міндетін атқарушы болып Қамалжан Надыров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қамалжан Надыров С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі (2000-2006), «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған (2006-2009), Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын оқыды.

Еңбек жолы 2007 жылы Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында басталып, клиникалық ординатор қызметінен бас директордың әкімшілік-экономикалық мәселер жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді.

2014-2015 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды.

Жаңа қызметке дейін «University Medical Center» республикалық диагностикалық орталығын басқарды.

 

Соңғы жаңалықтар