«Астана» қақпасына «Спортингтің» салған голы Аргентинада флешмобқа ұласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы «Астана» - «Спортинг» (1:3) матчынан кейін аргентиналықтар әлеуметтік желіде «вирустық» хэштегті іске қосты, деп хабарлайды Sports.kz.

Желсон Мартинштің «Астана» қақпасына салған екінші голынан кейін аргентиналықтар «Сампаолиге хабарласыңыздар!» [Хорхе Сампаоли - Аргентина құрамасының бас бапкері - ред.] деген жазбаны жаппай СМС арқылы жолдай бастаған. Бұл жерде гол салған португалдық туралы емес, «Астананың» үш ойыншысын - Абзал Бейсебеков, Игорь Шитов және Патрик Твумасиді алдап өтіп, Мартинштің аяғына доп салып берген жартылай қорғаушы Маркос Акунья туралы айтылған.

Қарымта кездесу 22 ақпан күні Лиссабонда (Португалия) өтеді, алайда «Астана» бапкері Станимир Стоиловтің өзі оның командасының жеңіске жету мүмкіндігінің төмен екенін мойындап отыр. 

Соңғы жаңалықтар