Астана іргесіндегі ауылда электрмен жабдықтау мəселесі шешілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Талапкер ауылында электрмен жабдықтаудың жаңа қосалқы станциясы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы əкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша электрмен жабдықтаудың жаңа 110/35/10 кВ подстанция қазіргі замаңғы технологиялық құралдармен жабдықталған. Қазіргі кезде, қосалқы станция тестілік режимде72 сағат бойы жұмыс істейді.

Сынақтан өткеннен соң электрмен жабдықтау желілері кезең кезеңімен қосылатын болады. Бірінші кезекте 70 үйі жарықсыз отырған шағын аудандағы тұрғын үйлер қосылады.

Айта кетейік, аталған жоба Астана қаласы маңындағы елді мекендерді дамытудың кешендік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 3 миллиард теңгені құрайды. Жаңа қосалқы станцияға 5 мыңнан астам абонентті қосуға болады. 

Соңғы жаңалықтар