Астана хоккей жұлдыздарының басын қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Континенталды хоккей лигасы Хоккей жұлдыздары 2018 аптасы ресми сайтының іске қоспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Недели Звёзд Хоккея 2018 сілтеме жасап.

55 күннен кейін Астанада Әйелдер  хоккей лигасының Жұлдыздар матчымен  маусымның басты хоккей шоуы - Хоккей жұлдыздары 2018 аптасы басталады. Шара Қазақстан астанасында 2018 жылдың 10-14 қаңтар аралығында өтеді.

Астана Континенталды хоккей лигасының ең үздік ойыншыларын өзінде қабылдауға құқыққа ие болды. Соңғы 20 жылда, Қазақстанның астанасы дәрежесін алудың және қарқынды құрылыстың арқасында, Астана бірегей қалаға айналды, онда қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері заманауи технологиялармен және соңғы ғылыми-техникалық жетістіктермен қосылды. 

Хоккей  маңызды спорт түрлерінің бірі әрі қазақстандық жанкүйерлердің ойынға деген қызығушылығы маусым сайын жоғарылай түсуде

Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубы - Лига құрылған сәттен бастап КХЛ өзгермейтін қатысушысы, оның құрамына көптеген мықты спортшылар кіреді. Қазіргі маусымда қазақстандық клуб - КХЛ Шығыс конференциясы көшбасшылары қатарында.

Соңғы жаңалықтар