«Астана» ХҚО компанияларды тіркеуді бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде өз қызметіне кіріскендігін және компанияларды тіркеудің басталғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


АХҚО жанынан Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) өз жұмысын бастады. АФСА инвестициялар мен активтерді, private banking, қорларды басқару және әкімшілендіру, кастодиандық қызметтер, исламдық қаржыландыруды қоса алғанда қызметтердің сан алуан түрлерін, сондай-ақ өкілдік кеңселердің жұмыстарын лицензиялайды.

АХҚО аясында посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын коммерциялық құқығы қағидаттарына және Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттары негізделген дербес құқығы бар арнайы юрисдикция енгізілді. Коммерциялық және азаматтық дауларды қарастыратын АХҚО-ның тәуелсіз соты және Халықаралық төрелік орталығы құрылды.

АХҚО  базасында әлемнің үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық биржа (AIX) іске қосылды. Шанхай қор биржасы және NASDAQ AIX-тің стратегиялық серіктестері атанды.

Астанаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін «Экспат орталығы» құрылды. АХҚО «бір терезе» жүйесін, оңайлатылған виза беру режімін, тіркеу, жұмыс істеуге рұқсат алу және басқа да рәсімдерді ұсынады.

АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары: капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар болып табылады.

Соңғы жаңалықтар