«Астана» Халықаралық қаржы орталығының Биржасы сауда жүйесін таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының алаңында қазақстандық бағалы қағаздардың кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) шақыруымен биржа нарығының 50-ден астам өкілі қатысты. Олардың ішінде екінші деңгейлі банктер, брокерлік және заң компаниялары, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ өкілдері, Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі және басқа да мүдделі ұйымдар болды.

«Кездесу қатысушылары сауда жүйесімен және оның функционалдық ерекшеліктері, техникалық мүмкiндiктері, өтiнiмдердi қалыптастыру және есептеу процестері жайында танысуға мүмкіндік алған», - деп атап өтті Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев.

Ерлан Бурабаевтің айтуы бойынша, ҚҚҚ базасында АХҚО инфрақұрылымдық элементтерінің осындай таныстырылымдар тұрақты негізде өткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар