Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми қашан ашылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми қашан ашылады
2017 жылғы 15 қараша 13:47 385

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының  (АХҚО) халықаралық таныстырылымы 2018 жылдың 5 шілдесінде өтеді. Бұл туралы АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен «дөңгелек үстелде» айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығында ұйымдастырушылық жұмыстар жүруде. 

«АХҚО халықаралық таныстырылымы келесі жылдың 5 шілдесіне жоспарланған. Бірақ 1 қаңтар күні (2018 жыл - ред.) жұмысымызды ресми бастаймыз», - деді Келімбетов «ЭКСПО-2017 мұрасы» тақырыбындағы шарада.

Оның айуынша, АХҚО бірнеше органдардан құралатын болады. Олардың арасында NASDAQ (америкалық биржа) №3 биржасы, Шанхай биржасының №4 биржасы бар.

"Менің ойымша, аталған серіктестер мен біздің платформа дамудың негізгі аспектілері болмақ. Қытаймен бірлесіп жүзеге асыратын АХҚО биржасы біздің бастамаларымыздың бір бөлігі болады. Сондай-ақ бұл биржа Еуразия экономикалық одағына да қатысты, себебі негізгі нарықтармен бірге, ЕАЭО нарығына да өз қызметімізді ұсынғымыз келеді", - деп атап өтті АХҚО басқарушысы.

Қайрат Келімбетов атап өткендей, ағылшын заңына негізделген арнайы реттеуші механизм бекітілетін болады.

«Астанада дау-дамайларды шешу жөнінде орган құрамыз. Бұл мекемелер Дубай мен Әбу-Дәбидегі органдарға ұқсас болады. Қазір инвесторлар құқығы туралы, біздің өңірде жұмыс істегісі келетін инвесторларды қорғау мәселелері жөнінде пікір алмасып жатырмыз", - деді ол.

Келімбетовтың мәлімдеуінше, түрлі дау-дамайды шешетін мұндай органдардың Астанада екі түрі құрылады.

"Алғашқысы - ағылшын заңына негізделген АХҚО соттары. Олар Лондон, Сингапур, Гонконг, Әбу-Дәби нарықтарында жұмыс істеген аса тәжірибелі маман болулары қажет. Сонымен бірге, халықаралық төрелік (арбитраждық) орталығы құрылады. Аталған барлық мекемелер 2018 жылдың 1 қаңтарында толыққанды жұмыс істей бастайды", - деп түйіндеді сөзін Қайрат Келімбетов.

 

 

Басты сөздер: Экономика, EXPO-2017, Астана,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер