«Астана» Халықаралық қаржы орталығы қалай құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ЭКСПО аймағында орналасатын жаңа аймақтық биржаны құру жұмысы жайында кеңінен айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық басшысының айтуынша, биржаның жұмысын іске қосу үшін барлық жұмысты үйлестіретін орган қажет. Аталған міндетті қаржы қызметтерін реттеу комитеті атқаратын болады. Бұдан бөлек, жылдың аяғына дейін xалықаралық арбитраж орталығы мен тәуелсіз қаржы соты құрылады. «Негізі, бүгінде ірі биржалар алдымен қаржы дауларын шешетін органдарды құруға тырысады. Өйткені соның арқасында инвесторлардың сенімі артады. Лондон, Париж, Стокгольм, Дубай, Әбу-Даби - бәрінде әділ соттар құрылды. Сондықтан «Астана» қаржы орталығында да ондай жүйе болады. Іс жүргізу таза ағылшын тілінде атқарылады. Ал барлық даулар ағылшын құқығы негізінде қаралады. Себебі бүгінді әлемдік қаржы орталықтарының 90 пайызы осы жүйе бойынша жұмыс істейді», - дейді Келімбетов.

Қаржы орталығының басым бағыттарының бірі - жекешелендіру арқылы қаржы тарту. Осыған орай, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен «Самұрық-Қазына» қоры арасында арнайы келісімге қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес, қор құрамындағы компаниялар IPO-ға шығарылады. Бұл жұмыс қаржы орталығының негізінде атқарылады. Биржаға «Эйр Астана» мен «Қазатомөндіріс» компаниялары бірінші болып шығады.

Ал Nasdaq пен Шанxай биржалары «Астана» қаржы орталығының стратегиялық әріптестері болады. «Осылайша, биржа, қаржы қызметтерін реттеуші, арбитраж орталығы мен қаржы соты «Астана» орталығының басты органдары болады. Орталық нақты алты бағытқа басымдық береді. Олар - капитал нарықтарын дамыту, мемлекеттік активтерді басқару, жаңа қаржы теxнологияларын дамыту, жеке адамдардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржыландыру мен цифрландыруды дамыту», - деп атап көрсетті Қайрат Нематұлы.

«Астана» ХҚО ірі аймақтық биржаға айналып, еуразиялық интеграцияға ғана емес, Қытайдың «Бір жол - бір белдеу» бастамасына да өз үлесін қоса алады деген сенім бар.

Соңғы жаңалықтар