Астана: Ғимарат ішінде әйелге күш көрсетіп, тонап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы күш көрсетіп, әйелді тонап кеткен қарақшыны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана полицейлері 17 сәуір күні 18:00-де Сәкен Сейфуллин көшесіндегі ғимаратта күш көрсетіп, ақша ұрлаған құқық бұзушының жеке басын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметінен.

ІІД-ден атап өткендей, осы қылмысты жасады деген күдікпен жасы 25-30 аралығындағы, бойы 160-165 см болатын, орта денелі, көк түсті куртка, қара түсті шалбар, сұр түсті бас киім, медициналық маска киген жігіт іздестіріліп жатыр.

Астана қалалық ІІД қандай да бір мәліметке ие азаматтардың мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8(87172) 71-66-40, 38-28-08, 87011880462.

Соңғы жаңалықтар