«Астана» футбол клубы танымал әншілермен бейнебаянға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Gakku музыкалық арнасында «Астана» футбол клубының «Бірге» әніне түсірілген бейнебаянының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылдың соңында танымал қазақстандық әншілер Қайрат Баекенов, Luina және Нұржан Керменбаев елордалық команданың жеткен жетістіктерінен жігер алып, клубтың «Бiрге» («Вместе») деп аталатын әнін орындап шыққан еді. 
null 

Аздаған уақыттың ішінде аталмыш туынды отандық жанкүйерлер арасында ерекше танымалдылыққа ие болып, артынша осы әнге бейнебаян түсірілді. Бейнебаянның бір қызығы әнді танымал әншілерден бөлек, «Астана» футбол клубының негізгі ойыншылары Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Иван Маевский, Ненад Эрич, Ласло Кляйнхайслер, Патрик Твумаси қосыла шырқайды. 
null 

«Астана» футбол клубының құрылғанына небәрі 9 жыл ғана болғанына қарамастан, команда қысқа уақыт ішінде Қазақстан футбол тарихында бұрын-соңды болмаған керемет табыстарға қол жеткізді. Кәрі құрлықтың басты додаларында өнер көрсетіп келе жатқан төрт жылдың ішінде УЕФА рейтингісінде 452-орыннан 66-сатыға көтерілді. Қазіргі таңда «Астана» - еліміздің ең танымал футбол клубы. Оның жанкүйерлері де көп.
null 


 

 

Соңғы жаңалықтар