«Астана» ФК жас ойыншысы көмекке мұқтаж

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол орталығының 17 жастағы тәрбиеленушісі Бақтияр Мұхаметқалиевке 2-ші деңгейлі остеогенды саркома (оң жақ асық жіліктің жоғарғы бөлігінің қатерлі ісігі - С 40.2) атты қауіпті онкологиялық дерт диагнозы қойылды, деп жазды «Астана» ФК ресми сайты.

Аурудан айығу үшін Бақтиярға Германиядағы онкологиялық емханалардың бірінде жылдам ота жасау қажет. «Астана» ФК өз түлегіне барынша көмек көрсетуде, дегенмен ол қаржы аздық етіп жатыр. Бақтиярдың ата-анасы адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын қайырымды жандардан көмек сұрауда.

Бақтиярға қолдау көрсету мақсатында «Астана» футбол клубы sports.kz республикалық спорт порталымен бірлесіп, электронды қайырымдылық аукционын өткізуді бастады. 24 қаңтардан бастап sports.kz сайтында Максимович, Твумаси, Каньяс, Кабананга, Мужиков, Логвиненко сынды «Астана» ойыншыларының атаулы фирмалық жейделерін сату бойынша бәссауда жүргізіледі. Жейденің бастапқы бағасы - 5000 теңге. Сатылған тауарды Қазақстан бойынша жеткізіп беруді «Астана» ФК өз міндетіне алады, ал ел аумағынан тысқары жерге жеткізу мәселесі бөлек келісіледі. Жейделерді сатудан түскен барлық қаражат Бақтияр Мұхаметқалиевтің еміне беріледі. 

Соңғы жаңалықтар