Астана еуразиялық қаланың прототипіне айнала алады ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі күн бойы елордада тәжірибе алмасқан отандық және германиялық сәулетшілер осы сауалдың жауабын іздеді. Сәулет саласының белгілі докторы Филипп Мойзердің жетекшілігімен өткен «дөңгелек үстелге» екі елдің жас әрі тәжірибелі сәулетшілері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Жиынның алғашқы күні Қазақстан мен Германияның ЖОО-ларында оқып жатқан жас сәулетшілерге арналды.

Екінші күнгі бас қосуға алманиялық 30-ға тарта білікті әрі белгілі сәулетші маман қатысты. Сәулетшілер Астананың тіршілігімен, соның ішінде қала құрылысын дамытуға арналған шешімдерімен танысты. Олар елорданың даму динамикасына, жасыл аймағы мен инфрақұрылымына қатысты таңданыстарын жасырмады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, елордада алғаш рет өткізілген ашық сұхбат алаңы алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Жақын арада дәл осындай кездесу ағылшын сәулетшілерімен бірлесіп өткізілмек.

«Филипп Мойзер еуразиялық қаланың типологиясын жасап шығару үшін келді. Ол посткеңестік кезеңнің қалаларын зерттеп, оларды бірнеше топқа жіктеді. Астана еуразиялық қалалар санатына кірді. Оның мақсаты -Астанадан еуразиялық қаланың прототипін жасау және нақты еуразиялық қалаларды сипаттайтын нақты өлшемін анықтау. Бұл үлкен ғылыми еңбектің алғашқы бөлігі деп атауға болады. Келешекте біз оның зерттеу еңбегін құрал ретінде пайдаланып, қолданыста көргіміз келеді», - деді Астана қаласы урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Сәдуов. 

Соңғы жаңалықтар