Астана еліміздегі цифрлық технологияларды енгізуге арналған негізгі алаңға айналады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері және халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы бойынша тапсырмаларды іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет сайтының хабарлауынша, кеңес барысында Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» аралау кезінде өз сөзінде айтып өткендей, Астана қаласын еліміздегі цифрлық технологияларды енгізуге арналған негізгі алаң ретінде дамыту мәселелері талқыланды.   

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев елорда әкімдігіне ғана емес, барлық мемлекеттік органдарға елорданың көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй секторын, қала басқармасының барлық салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізуді ауқымды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. 

Соңғы жаңалықтар