«Астана ЭКСПО» көрме аумағында қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану операторлары үшін байқау жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы 2016 жылдың қазанынан жыл соңына дейін халықаралық көрме өткізілетін уақытта кешен аумағында қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану операторлары үшін ашық байқау өткізеді.

«Біз шамамен 30 мейрамхана мен қоғамдық тамақтануға арналған 14 дүңгіршек болуына қарастырудамыз. Көрме форматын ескере отырып, біз қонақтардың саны көп болады деп күтудеміз. Сондықтан әлемнің әртүрлі асханаларын қарастырудамыз. Бұған қоса, республикамыздың алуан түрлілігін, түрлі этнос өкілдерінің тұратындығын көрсетпекпіз», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

Оның айтуынша, байқау қазақстандық, сонымен бірге шетелдік компаниялар үшін де ашық. Негізгі талаптар: тәжірибенің болуы, сапа, дизайн, баға саясаты. Бұл ретте өнім барлық адамға қол жетімді болуы тиіс. Іріктеу фастфуд желілері, дәмханалар, кофеханалар, барлар мен премиум санаттағы мейрамханалар арасында жүргізіледі. Жеңімпаздар жалдау шарттарымен орналастырып, ставка орташа қалалық деңгейден төмен болады.

«Байқау тендерлік шарттарға ұқсайды. Бірақ, бұл ашық байқау болғаннан кейін шарттар біршама жеңілдеу. Өйткені, онда бюджет ақшасы жоқ. Байқау төрешілеріне ұлттық компаниялардың өкілдері кіреді», - деді ол.

Байқау шарттары осы айдың соңына дейін компанияның ресми сайтында жарияланады.

Айта кетерлігі, көрме аумағынан қоғамдық тамақтану операторларынан бөлек қатысушы елдердің мейрамханалары да байқау арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бүгінде шамамен 10 ел өз асханасын ұсынатындығын қуаттады. Жалпы, көрме аумағында шамамен 20 халықаралық мейрамхана қатысатындығы болжануда.

Соңғы жаңалықтар