«Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағын екі күнде 18 мың адам тамашалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» туристік аймағын алғашқы екі күннің ішінде 18 мың келіп тамашалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 11 қарашада - 7 мыңнан аса, 12 қарашада - 11 мыңға жуық адам келген.

«Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Билеттер ресми түрде 14 қарашадан бастап сатылады. «Нұр Әлем» павильонын, тақырыптық павильондарды, «Үздік тәжірибе аймағын» және АРТ-орталығын қамтитын билеттің бағасы 1 500 теңге тұрады. ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға және 6 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға кіру тегін. Оқушылар үшін 500 теңге, студенттер үшін 800 теңге, ал зейнеткерлер үшін 500 теңге», - деп хабарлайды ведомстводан.

Туристік аймақта 1 мыңға жуық автокөлікке арналған жер асты тұрағы бар. Оның алғашқы үш сағаты тегін, ал ары қарай сағаты 100 теңгеден болып отыр. Жер асты паркингке Т.Рысқұлов көшесінен (оңтүстік кіреберіс) кіруге болады.

Еске сала кетсек, «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын 11 қараша күні бастаған болатын. Оған арнайы келген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «НұрӘлемді» аралаған. Желтоқсан айында ЭКСПО аумағында еліміздің жаңажылдық бас шыршасы орнатылып, әсем мұз қалашығы бой көтеріп, аумағы 3 500 шаршы метрді құрайтын үлкен мұз айдыны ашылады.

Соңғы жаңалықтар