«Астана ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» кітабы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның «Нұр Әлем» павильонында «Астана ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» деп аталатын кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович қатысып, басылымның бір данасына қолтаңбаларын қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл кітаптан азамзаттың одан ары қалай дамитындығына, энергетика қандай бағытта болатындығына қатысты кез келген ақпаратты табуға болады. Энергиясыз ештеңеде болмайды. Ал жасыл энергетика бүгінгі күні әлемдегі болашағы өте зор бағытқа айналды. Кітап ЭКСПО-2017 көрмесіне өткізу аясында 3500 данамен шығарылды. Бұл кітапты шығаруға қазақстандық және шетелдік үздік авторлар, фотографтар тартылды», - деді кітаптың бас редакторы Элдар Агамалов.

Оның айтуынша, кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық оқырманға арналған.

Кітап авторларының бірі, ҚР СІМ жанындағы «Дипломатия жаршысы» журналының редакторы Ілияс Омаровтың сөзіне қарағанда, бұл кітап жыл сайын белгілі бір тақырыпқа арналып шығарылып отырады. Мәселен, 2010 жылы ол Қазақстанның  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығына арналған болатын.

Соңғы жаңалықтар