Астана Димаш Құдайбергенді қарсы алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елорданың Орталық концерт залында Димаш Құдайбергенмен кездесу өтеді. Бұл жайныда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достарым, ертең Астанада, Орталық концерт залында сағат 18-30-да біз Қытайдағы «Singer-2017» халықаралық конкурсынан үлкен жеңіспен Отанына оралған Димаш Құдайбергенге құрмет көрсететін боламыз. Кіру тегін, барлығын осы шараға қатысуға шақырамын. Достар, Димашты бірге қарсы алайық», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетіп, екінші орынды жеңіп алды . 

Шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «The Way You Make Me Feel», «Erth song» және «Billie Jean» әндерін шырқады. Сондай-ақ, көрермендер Димаштың барабан аспабында шебер ойнайтындығына тәнті болды.

Соңғы жаңалықтар