Astana Digital Forum: Адамдар жұмыссыздыққа дайын болуы қажет

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - «CEO Select Communication Group»-тың өкілі Виктор Елисеевтің айтуынша, ақпараттық теxнологиялардың кеңінен таралуымен еңбек күшіне деген сұраныс азаяды. Сондықтан қазірден бастап әрбір адам өз мамандығының болашағын ойлап, қажет болса, қайта даярлаудан өтуі тиіс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бір ғана болжамға тоқталайын, оны әлем қауымдастығы да жақсы біледі. Болашақта ірі компаниялардың 40 пайызы өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Себебі адамның орнына электрондық жүйе қызмет көрсетеді. Мәселен,  Uber мен Mersedes алдағы уақытта 200 мың пилотсыз көлікті шығаруды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз, көлік жүргізушісіне сұраныс болмайды. Сонда миллиондаған адам жұмыссыз қалады. Сол себепті қазірден бастап әрбір адам қайта даярлау жайын ойлануы қажет», - деді Елисеев бүгін Астанадағы «Astana Digital Forum»-ында.

Маманның айтуынша, алдағы бес жылда цифрлық теxнологиялар адам өмірін түбегейлі өзгертеді. «Әсіресе, банкир, нотариус сияқты мамандықтар өзгеріске ұшырайды. Сондықтан қазіргі кезде бизнес-стратегияны 5-50 жылға жасау қиын. Өйткені екі-үш айдың ішінде көп нәрсе өзгеруі әбден мүмкін», - деп атап көрсетті Елисеев.

Айта кетейік, «Astana Digital Forum»-ның ашылу салтанатында  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрландыруды қарапайым мысалдармен түсіндірді . 

Соңғы жаңалықтар