Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.05 EUR 395.12
RUB 5.66 CNY 50.64
Жаңалықтар

«Астана» баскетбол клубына америкалық қорғаушы қосылды

2017 жылғы 7 желтоқсан 16:47 434
Поделиться:
«Астана» баскетбол клубына америкалық қорғаушы қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» баскетбол клубының құрамына 29 жастағы америкалық баскетболшы, қорғаушы Малкольм Грант қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Малкольм Грант Бруклинде дүниеге келген, баскетболмен мектепте айналыса бастаған, кейін Флориданың үздік университеттерінің бірі - баскетбол командасы дүркіреп тұрған «Майами Университетіне» түсіп, спортшы сол команда құрамында өнер көрсетті.

Грант кәсіпқой карьерасын 2012 жылы бастаған. Спортшының алғашқы клубы Кипрдегі «APOEL» болды. Кейін ол Аустралияға көшіп барып, «Wollongong Hawks» командасының атынан шыға бастады. 2014 жылы баскетболшы Канададағы «HalifaxRainmen» құрамына қосылса, шамалы уақыттан кейін «LF Basket Norrbotten» деген швед клубына ауысқан. 2015 - 2016 жылғы маусым аралығына «Mississauga Power» (Канада) және «IslandStorm» (Исландия) командаларының атынан өнер көрсеткен.

Өткен маусымда баскетболшы словениялық «Tajfun» құрамында 36 ойын өткізіп, орташа есеппен 11,4 ұпай жинап отырған.

Ал осы маусымда Малкольм Грант литвалық «Nevėžis» командасының атынан өнер көрсетіп, Литва чемпионатында 10 ойын өткізді, әрбір ойында орташа есеппен 14 ұпайдан жинаған. Малкольм Гранттың  өте мерген екенін атап өту қажет, сонымен қатар, ол үш ұпайлық лақтыруларда өте сәтті - 50 %.

 «Баскетбол клубының бапкерлер штабымен бірігіп, команда құрамын осылай күшейтуді ұйғардық. Маусымның басынан бері «Астананың» кестесі өте тығыз болды. Естеріңізде болса, қыркүйекте команда Азия Чемпиондары Кубогына қатысып, бұл чемпионатта Қазақстанның алғашқы қола медалін жеңіп алды. Алайда Қытайда «Астана» құрамында алты легионердің екеуі ғана ойынға тартылды, бұл жағдай команда ойынына әсер етті», деді «Астана» Президенттік клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков.

Ол команда құрамын күшейту туралы шешімін түсіндіріп берді.

Мұнымен қатар, «Астана» баскетболшылары ұлттық құраманың негізгі бөлігі екенін білесіздер. ВТБ Лигасындағы матчтарға қатар дайындала отырып, қазақстандық спортшыларымыз Әлем чемпионатындағы іріктеу матчтарына да дайындық жүргізді. Бір апта бұрын ғана Катар мен Иракқа қарсы екі ойын өткізіп, екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеттік. Бірақ мұнда да команда құрамына қатысты мәселе шықты - қазақстандық жігіттер ұлттық құрама атынан шыққанда легионерлер демалды. Бұл, әрине, командадағы жалпы түсінісіп ойнауға әсер етеді, осылайша бұл фактор ойын нәтижелеріне әсер етеді. Биыл ВТБ Лигасындағы бірінші матчтар «Астана» үшін күрделі болды - сырт алаңда бірнеше ойын өткіздік. Сондықтан қазір, чемпионат қызып тұрғанда «Астана» баскетбол клубы күшеюі қажет», - деді ол.

Айта кетерлігі, «Астана» Президенттік клубы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған және «Астана» ұлттық брендін халықаралық спорт аренасында танытып жүр. «Астана» брендінің аясында қазақстандық үздік спорт жобалары іске асырылып жатыр - «Астана» кәсіпқой велокомандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, ралли-рейдтен «Астана» командасы және «Астана Арланс» бокс клубы.


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Мұрағат