«Астана» баскетбол клубы бас бапкерсіз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» бас бапкері Илиас Папатеодору Грекияға оралды, деп хабарлады Sports.kz.

Грекиялық клубтардың бірі өзінің ресми сайтында 41 жастағы маманның тағайындалғанын растады. 

Папатеодору жаңа клубпен екі жыл мерзімге келісімшартқа қол қойды. Илиас Папатеодору өткен жылы шілдеде «Астананы» басқарды. Сол кезде елордалық команда Қазақстан чемпионаты мен кубогын жеңіп алып, ВТБ Бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне шығып, онда ширек финалда мсәкеулік ЦСКА-ға жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар