«Астана» баскетбол клубы Азия чемпиондар кубогының қола жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) аясында өткен 2017 жылғы Азия чемпиондар кубогы 30 қыркүйек күні қытайдың Ченчжоу қаласында өз мәресіне жетті.

Қазақстандық «Астана» баскетбол клубы өз тарихында алғаш рет Азия чемпиондар кубогының жартылай финалына жолдама алып, жарысты 3-орынмен аяқтады.

null 

Байрақты бәсекеде Азия құрлығының 10 клубы екі топқа бөлініп бақ сынады. Астана ойыншылары топтық бәсекеде 3 жеңіс, 1 жеңіліспен А тобынан көш бастады. Ширек финалда қазақстандық клуб БАӘ елдерінің Аль-Ахли командасын 83-53 есебімен тізе бүктірді.

null  

Өкінішке қарай, Астаналықтар жартылай финалда қытайдың Шыңжаң командасына есе жіберді. Алғашқы үш бөлімде 50-40 есебімен алдыда тұрған Астана командасы, соңғы бөлімде жарыстың тізгінін алаң иелеріне беріп қойды. Қортынды есеп 70-79.

null 

Финалдық кездесуде ливандық Әл Риади командасын 88-59 есебімен Шыңжаң командасын жеңіп, чемпион атанды.

null 

Астана командасы үшінші орын үшін болған ойында ирандық Мұнайхимия командасын 81-78 есебімен қапы қалдырды. 

null 

Айта кетейік, баскетболдан Азия чемпиондар кубогы 1981 жылдан бері жалғасып келеді. 

Соңғы жаңалықтар