«Астана Балет» сахнасында аңызға айналған спектакльдер көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Балет» театрында 18-19 тамызда Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО 2017» көрмесінің аясында астаналықтар мен қала қонақтары «Астана Балет ЕХРО GALA» атты бағдарламаны тамашалай алады. Бағдарлама барысында Джордж Баланчиннің «Серенадасы» мен Рикардо Амарантенің «A fuego lento», балеті көрсетіледі, деп хабарлайды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Серенада» ХХ ғасырдағы балеттің алтын қорына енген. «Серенада» спектаклінде Дж.Баланчиннің балеттегі жаңашылдығы барынша көрінді. Орыс хореографы Америкада қойған алғашқы балетін америкалық балет мектебі (SAB) құрылған соң, екі жарым айдан кейін бастаған.

Бір қарағанда қарапайым көрінетін «Серенада» орындалу техникасы, музыкасы мен стилистикасы тұрғысынан өте күрделі. Ғажайып, мәңгі өнерге бір табан жақындаған көрерменнің де жүректерін елжіреп кетеді. П.Чайковскийдің «Ішекті аспаптарға арналған серенада, 48-шығармасына» қойылған Джордж Баланчиннің «Серенадасы» Джордж Баланчин қорымен бірлесе отырып қойылған және Баланчин мәнері мен техникасының стандарттарына сәйкес жасалды.

Бір актілі балеттер бірегей ұжымның қайталанбас репертуарымен танысуға, түрлі бағыттар мен стильдерде қойылған спектакльдерді орындау шеберлігіне көз жеткізуге мұрша береді.

Соңғы жаңалықтар