«Астана-Баку» рейсінің не себепті елорда әуежайына қайтып оралғаны белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы «Астана-Баку» бағытындағы ұшақ не себепті елорда әуежайына қайта қонғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 қазан күні Астанадан Бакуге қарай ұшып шыққан КС113 рейсі елорда әуежайына навигациялық құрылғылардан ақау шығуына байланысты қайта оралған. Ұшақ 22:56-да қалыпты жағдайда қонды. Экипаж қауіпсіздіктің стандартты амалдарын орындады. Бортта 90 жолаушы болған», - деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

 

 

Соңғы жаңалықтар