Астана аялдамалары бас киім киді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Астанадағы автобус павильондары ерекше безендіріліп жатыр - аялдама төбесіндегі әдеттегі шатыр орнына әсем бас киімдер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала билігінің кретивті идеясын әлеуметтік желі қолданушылары жоғары бағалап, елордалық аялдамалардың фотосуреттерін жүктей бастады. Бұл жаңалық жөнінде "Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбек әзіл-шыны аралас пікір білдірді.

 «Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Көптен күткен қыс та келіп жетті. Аязды ауа райында денсаулықтарыңызды күтіңіздер, жылы киініп жүріңіздер. Соңғы кездері жастар мен оқушылардың бас киім кимейтінін байқадым. Әрине, шаш үлгісін құртып, сәнді бұзуы мүмкін. Бірақ, біздің астаналық аялдамалардың өзі бас киім кие бастады. Жылы киініп жүріңіздер! Аман-есен болыңыздар!", - деп жазды Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Соңғы жаңалықтар