Астана әуежайында «уақытша аялдайтын көліктер жолағы» пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев абаттандыру және нысандардың қолайлы инфрақұрылымы мәселесі бойынша қаланы аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда басшысы барып көрген нысандардың бірі «Нұрлы жол» теміржол вокзалы болды. Оның инфрақұрылымы туралы әкім орынбасары Сергей Хорошун баяндады.

Атап өтілгендей, жолаушыларды отырғызып-түсіруде қолайлы жағдай жасау үшін теміржол вокзалына жақын жүретін автобустардың келу-кету бағыты өзгертілді. Қазіргі таңда «Нұрлы жол» вокзалы аймағына 11 бағдар қатынайды. Бұл жұмыстар «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлесіп орындалды.

Сонымен қатар, теміржол вокзалына келген жолаушылар мен автобус күтушілердің аялдамаға дейін жолы айтарлықтай қысқарды. Оған қоса, эскалаторлардың саны көбейтіліп, жолаушылар мен жүк тасымалдайтын лифтілер іске қосылды.

Яғни, қолданыстағы 52 эскалаторға 12 эскалатор қосылды, бұл адамдардың бірінші қабаттан бірден үшінші қабатқа шығып, түсуіне мүмкіндік береді. Жаңа теміржол вокзалының ғимаратында қазір 26 лифт жұмыс істеп тұр, оның 6-уы - жолаушыларға, 4-уі сыйымдылығы үлкен жүктерге арналған.

Бұдан кейін әкім Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының алаңын барып көрді. Себебі, қала тұрғындары астана әуежайына барар жолдың қолайсыздығына бірнеше рет шағымданған болатын. Әуежай басшылығына Жолаушылар көлігі басқармасымен бірлесіп, уақытша аялдайтын автокөліктер үшін арнайы жолағы бар алаң бөлу тапсырылды. Аталмыш жұмыстар таяу уақытта жүзеге асырылатын болады. 

 

Соңғы жаңалықтар