Астана әуежайында 6 рейс кестесінен кешігуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында 6 рейс кестесінен кешігуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежай сайтында көрсетілген онлайн-тақтадағы мәліметтерге сәйкес (сағат 00.28-дегі жағдай бойынша), ұшып келуі тиіс келесі рейстер кешіктірілуде:

- Шымкенттен Air Astana KC 342, Ақтөбеден Qazaq Air IQ 386 және Тараздан Scat DV 756.

Бұдан бөлек, Таразға (Scat DV 755), Алматыға (Qazaq Air IQ 356) және Ыстанбұлға (Turkish Airlines TK 355) жоспарланған авиарейстер кейінге шегерілді.

Кешігу уақыты 15 минуттан 6 сағатқа дейін құрайды. 

 

Соңғы жаңалықтар