Астана әуежайында 32 сұңқарды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайында орналасқан шекара бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары араб жеріне 32 сұңқарды заңсыз жолмен әкетуге тырысқандардың жолын кесті.

Нақтырақ айтқанда, «Астана-Шаржы» бағытымен ұшқалы тұрған G9-252 рейсіне жүк тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде шекарашылардың назарын қомақты 4 сөмке еріксіз аударды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
null  

Әлгі сөмкелердің тіркеу жапсырмаларының жоқ екендігі байқалды. Шекарашылар сөмкелерді ашып, тексеру керектігін талап етті. Ал тексеру кезінде сөмкелерден бір емес, бақандай 32 дана сұңқар шыға келгенде тұрғандардың таңданысында шек болмады. Ал қазіргі бағамен олардың орташа құнын есептегенде, артық-кемі жоқ 380 000 000 теңгеден асып жығылды. Оның үстіне аталған жыртқыш құстардың әлемде сирек кездесетіндігін де қосып қойыңыз.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды.
null  

Соңғы жаңалықтар