Астана әуежайында 15 рейс кешігуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында»  15 әуе рейсі кешіктірілуде, тағы алтауы мүлдем орындалмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық әуежайдың онлайн-тақтасындағы мәліметке сәйкес (астана уақытымен 2:16), келесі рейстер кешігуде:

Минскіден Belavia B2 775, Ақтаудан Air Astana KC 314, Жезқазғаннан Qazaq Air IQ 390, Лондоннан Air Astana KC 942, Франкфурттан Air Astana KC 922, Киевтен Ukraine In PS 533, Парижден Air Astana KC 224, Алматыдан Air Astana KC 851, сондай-ақ Алматыға ұшып шығуы тиіс болған Qazaq Air IQ 3580, Air Astana KC 642, Qazaq Air IQ 353, Qazaq AirIQ 355, Air Astana KC 852, Шымкентке Qazaq Air IQ 387, Ақтөбеге Qazaq Air IQ 385.

Кешігу уақыты 20 минуттан 12 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Ал келесі бағыттар бойынша рейстер мүлдем орындалмайды: Алматыдан келетін Lufthansa LH 649, Air Astana KC 853, Qazaq Air IQ 357, Франкфуртқа ұшып шығатын Lufthansa LH 649, сондай-ақ Алматыға баруы тиіс болған Air AstanaKC 854 және Qazaq AirIQ 358.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , желтоқсанның 9-ынан 10-ына қараған түні 9 рейс кешіктіріліп, екеуі орындалмады.

«Әуекомпаниялар рейстерінің кешіктірілу себебі, қазіргі ауа райы жағдайына байланысты ұшулардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында әуе кемелерін көктайғаққа қарсы өңдеуге байланысты болды», - деп түсінік берген болатын жексенбі күні ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінен.

Соңғы жаңалықтар