Астана әуежайы ұшу кестелерін уақытша өзгертеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеруге дайындық және өткізу кезеңіне байланысты әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімге шектеу енгізіледі. Сонымен қатар, Астана әуежайы әскери шеруге дайындыққа байланысты уақытша ұшу кестесін өзгертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда 21, 25, 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09.20 - 13.00-ге дейін; 28, 29 және 02,03,04 мамырда сағат 10.00 - 13.00-ге дейін, шеруді өткізу кезінде 07 мамыр сағат 10.00 - 13.00-ге дейін елорда әуежайы әуе кемелерін қабылдау және жіберуге жабық болады», - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, Астана қаласының әуе аймағына шектеу шерудің әуе бөлігіндегі жаттығулар уақытының өзгеруіне немесе жағымсыз метеожағдайларға, басқа себептерге байланысты 24, 27, 30 сәуір және 06 мамыр -  резервті күндер енгізілуі мүмкін.

«Әуе кеңістігін қысқа мерзімге жабу туралы рейстер кестесіне өзгертулер енгізу үшін барлық авиакомпанияларға хабарланған. Шеруді өткізу және жаттығулар кезінде елорданың әуе аймағын бірінші рет жабылып отырған жоқ. Өткен жылдардың тәжірибесін есепке ала отырып, сәуір және мамырда іс-шараларды өткізу күндері әуе қозғалысы рейстердің көп кешігуіне жол бермеу де ұйымдастырылады», - делінген баспасөз баянында. 

Соңғы жаңалықтар