«Astana Arlans» және «Patriot Boxing Team» командаларының құрамы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның  «Astana Arlans» және Ресейдің «Patriot Boxing Team» командалары 2018 жылғы маусымдағы Бүкіләлемдік бокс сериясының 24 ақпанда Щучинскіде өтетін матчына өз құрамдарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.  

WSB матчының «Astana Arlans» - «Patriot Boxing Team» жұптарының құрамы:

49 кг. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Борис Сидоров (Ресей)

56 кг. Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) - Василий Веткин (Ресей)

64 кг. Ділмұрат Мижитов (Қазақстан) - Константин Богомазов (Ресей)

75 кг. Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Расул Алиев (Ресей)

91 кг. Нұрбол Алтаев (Қазақстан) - Ровшан Ягубзаде (Ресей)

Кездесулерді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Еске сала кетейік, жаңа маусымның алғашқы матчында «Astana Arlans» Үндістанның «Indian Tigers» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Соңғы жаңалықтар