«Astana Arlans» - «Patriot Boxing Team»: Кім мықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Щучье қаласында «Astana Arlans» Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының екінші жекпе-жегін Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біраз уақыттардан кейін «Хабар» телеарнасында тікелей эфирден көрсетілетін командалардың кездесуі C1 тобы бойынша 49, 56, 64, 75, 91 келіге дейін салмақ санаттарында өтеді.

Тарқата айтар болсақ, 49 келіге дейін салмақта Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Азия чемпионы, 2015 және 2017 жылдардағы WSB чемпионы Теміртас Жүсіпов Ресейдің Алыс Шығыс Федералды округі чемпионатының екі дүркін чемпионы, Борис Сидоровпен кездеседі.

60 келіге дейін салмақта Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, 2017 жылы жетінші маусымының WSB чемпионы Ілияс Сүлейменов Ресейдің екі дүркін чемпионы Василий Веткинмен шаршы алаңда жұдырықтасады.

Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 2017 жылғы WSB чемпионы Ділмұрат Мәжитов 64 келіге дейін салмақта шаршы алаңға көтеріліп, Ресей чемпионы Константин Богомазовпен айқасады.

75 келіге дейін салмақта Қазақстан чемпионы бірқатар халықаралық турнирдің жүлдегері, 2017 жылғы WSB чемпионы Сапарбай Айдаров ресейлік танымал боксшысы Расул Алиевтен айласын асыруға тырысады.

Ал ауыр салмақта бірқатар халықаралық турнирдің жеңімпазы Нұрбол Алтаев Ресейдің Орталық Федералды округі чемпионатының жеңімпазы Ровшан Ягубзадемен жекпе-жекке шығады.

Естеріңізге сала кетсек, «Astana Arlans» боксшылары 2018 жылдың бірінші шайқасын Қарағанды қаласында 10 ақпан күні «Indian Tigers» командасына қарсы өткізген болатын. Нәтижесінде арландықтар 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар