«Astana Arlans»-«Patriot Boxing Team»: Ілияс Сүлейменов Василий Веткиннен басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Щучье қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) 8 маусымы аясында Қазақстан боксшысы Ілияс Сүлейменов ресейлік Василий Веткиннен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

60 келіге дейін салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, 2017 жылы жетінші маусымының WSB чемпионы Ілияс Сүлейменов пен Ресейдің екі дүркін чемпионы Василий Веткин арасындағы жекпе-жек барынша тартысты өтті. Дегенмен, төрешілер шешімімен Қазақстан боксшысы 3-0 есебімен басым түсті.

Алда 49 келіге дейін салмақта Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Азия чемпионы, 2015 және 2017 жылдардағы WSB чемпионы Теміртас Жүсіпов Ресейдің Алыс Шығыс Федералды округі чемпионатының екі дүркін чемпионы, Борис Сидоровпен кездеседі.

Одан кейін Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 2017 жылғы WSB Келесі кезекте чемпионы Ділмұрат Мәжитов 64 келіге дейін салмақта шаршы алаңға көтеріліп, Ресей чемпионы Константин Богомазовпен айқасады.

75 келіге дейін салмақта Қазақстан чемпионы бірқатар халықаралық турнирдің жүлдегері, 2017 жылғы WSB чемпионы Сапарбай Айдаров ресейлік танымал боксшысы Расул Алиевтен айласын асыруға тырысады.

Ал ауыр салмақта бірқатар халықаралық турнирдің жеңімпазы Нұрбол Алтаев Ресейдің Орталық Федералды округі чемпионатының жеңімпазы Ровшан Ягубзадемен жекпе-жекке шығады.

Естеріңізге сала кетсек, «Astana Arlans» боксшылары 2018 жылдың бірінші шайқасын Қарағанды қаласында 10 ақпан күні «Indian Tigers» командасына қарсы өткізген болатын. Нәтижесінде арландықтар 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар