«Astana Arlans» клубының боксшылары жас спортшылармен жаттығу өткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -  «Astana Arlans» клубының боксшылары Бурабай ауданындағы бокс мектебінің тәрбиеленушілерімен екі күн бойы ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 24 ақпанда сағат 16.30-да тұңғыш рет Бурабай ауданының Щучье қаласындағы «Жақсы-2» спорт кешенінде «WSB» дүниежүзілік бокс сериясы VIII кезеңінің халықаралық матчы өткізіледі. Қазақстандық «Astana Arlans» клубы ресейлік «Patrion Boxing Team» клубының боксшыларымен қолғап түйістіреді. Арландықтар сапында көкшетаулық Теміртас Жүсіп шаршы алаңға шығатын болады.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары өңірде осындай кездесуді өткізу жастардың спортқа деген құлшынысын арттыруға септігін тигізеді деп отыр.

«Бұл кездесу Ақмола облысының бокс мектебі үшін үлкен жетістік. Щучье қаласында «WSB» дүниежүзілік бокс сериясы VIII кезеңінің халықаралық матчы тұңғыш рет өткізілгелі тұр. Бұл осында тәрбиеленіп жатқан жас спортшылардың боксқа деген қызығушылығын арттырып, шеберліктерін одан әрі шыңдай түсулеріне мүмкіндік береді », - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Әсет Бүкібаев.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар