«Astana Arlans» «Indian Tigers» командасын тізе бүктірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Astana Arlans» командасы WSB Дүниежүзілік бокс сериясы аясында Үндістанның Рохтак қаласында «Indian Tigers» командасымен кездесу өткізді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов (49 кг) Шиам Кумар Какараны 2:1 есебімен (50:45, 48:47, 47:48) тізе бүктірсе, Нұрсұлтан Қосшығұлов (56 кг) үндістандық боксшы Эташ Хан Мухаммедке есе жіберген болатын - 0:3 (46:49, 47:48, 46:49).

Есесіне Ділмұрат Мижитов (64 кг) Дхеерайдфті 2:1 (50:45, 47:48, 49:46) есебімен жеңді.

75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл жергілікті боксшы Ашиш Кумармен жекпе-жекке шықты. 5 раунда созылған кездесуде қазақ жігіті қарсыласын қуып жүріп сабады. Үш төреші де жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп таныды (49:45,50:45,49:46).

Осылайша ол «Astana Arlans» командасына мерзімінен бұрын жеңіс сыйлады -  3:1.

91 келіге дейінгі салмақта Әбілхайыр Тұрланбек Санджет Санджеттен айласын асыра алмады. Бұл оның дебюттік жекпе-жегі болатын. Осылайша жалпы есеп 3:2 болып аяқталды.

Еске сала кетейік, қос команданың бірінші кездесуі 10 ақпан күні Қарағанды қаласында өтіп, жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар