Astana Arlans-China Dragons: Сәкен Бибосынов командасына жеңіс сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда өтіп жатқан Astana Arlans пен қытайлық China Dragons арасындағы бірінші жекпе-жек арландықтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) матчы аясындағы алғашқы кездесуде 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сәкен Бибосынов  Гуо Чжаннан басым түсті.

Алда  60 келіде Әлімжан Бескемпір Ву Юфэнмен, 69 келіде Асланбек Шымбергенов  Таксымаймайти Хайшаермен, 81 келіде Бек Нұрмағамбет  Гегарибу Цзэнмен, +91 келіде Нұрсұлтан Аманжолов латвиялық Эвандер Сервутпен жұдырықтасады. Бокс кеші «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар