«Astana Arlans» боксшылары «Patriot boxing team» командасын 7:3 есебімен ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыдағы Бокс орталығында WSB Дүниежүзілік бокс сериясының жетінші маусымы шеңберінде плей-офф кезеңіндегі кездесу өтті, деп хабарлайды sports.kz .

«Astana Arlans» рингте ресейлік «Patriot boxing team» командасына қарсы шықты.

Қазақстандық топ осыған дейін маусым басында «Патриоттықтармен» кездескен болатын. Онда біздің боксшыларымыз 2:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар қазақстандықтар Өзбекстан мен Қытай елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті. Ал «Patriot boxing team» өзбек тобына есе жіберіп алып, қытайлық «China dragons» командасын жеңген болатын. 

Олжас Сәттібаев  (52 кг) Иван Абрамовтан басым түсті - есеп 3:0 (50:45, 49:46, 49:46), Закир Сафиуллин (60 кг) Шахриёр Ахмедовты ұтты - 3:0 (50:45, 49:46, 50:45), Дмитрий Зиско (+91 кг) Артем Сусленковқа есе жіберді - 0:3 (45:50, 45:50, 45:50), Асламбек Шымбергенов (69 кг) Шахабас Махмудовты жеңді - 3:0 (50:45, 50:45, 49:46), Арман Рысбек (81 кг) Имам Хатаевқа қуалап жүріп  ұрды - есеп 3:0 (49:46, 48:47, 48:47).

Осылайша, жалпы есепте 7:3 көрсеткішпен, «Astana Arlans» турнирдің жартылай финалында British Lionhearts - France Figthing Roosters жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар