«Астана арландары» WSB тобында бірінші орынға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Patriot Boxing Team» командасы Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша қазақстандық «Астана арландары» клубының бірінші орын алуына себепкер болды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Patriot Boxing Team» Пермьде «Uzbek Tigers» командасын 3:2 есебімен жеңген болатын. Өзбекстандық команданың жеңілісі «Астана арландарының» топта плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін еді.

«С» тобында турнирлік маңызға ие емес «China Dragons» - «Astana Arlans» шешуші матчының жағдайы төмендегідей еді:

1. «Astana Arlans» - 12 ұпай (5 матч)
2. «Patriot Boxing Team» - 10 (6)
3. «Uzbek Tigers» - 9 (6)
4. «China Dragons» - 3 (5).

Осылайша, бәсекені «Astana Arlans» пен «Patriot Boxing Team» жалғастырады. Ал, «Uzbek Tigers» пен «China Dragons» плей-офф кезеңінен тыс қалды.

Соңғы жаңалықтар