Астана-Алматы бағытындағы ұшақ қозғалтқышы істен шығып, шұғыл жерге қонды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Аir Astana» әуе компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша КС672 рейсін орындаған ұшақ Алматыда шұғыл түрде жерге қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«7 наурыз күні «Air Astana» компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша КС672 рейсін орындаған Боинг 757-200 әуе кемесі бір қозғалтқышының істен шығуына байланысты қону алаңын сұрады. Сағат 11-00-де ұшақ штаттық режімде Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында 72 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болды», - деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайынан.

Еске сала кетейік, бұл соңғы аптадағы екінші жағдай. 5 наурыз күні Алматы-Орал бағытындағы ұшақ та апатты жағдайда Ақтөбеде қонған болатын.

Соңғы жаңалықтар