Астана әкімі Талдыкөлдегі сасық иіс жойылғанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен өткен ЭКСПО көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған жиында Астана әкімі Әсет Исекешев Талдыкөлді тазалау жұмыстарына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екінші станса толығымен пайдалануға берілді. Иіс жойылды. Оның маңын абаттандыру, жасыл-желек отырғызу және рекультивация жасау жұмыстары биыл қыркүйек айына дейін аяқталады», - деп атап өтті Исекешев баяндама барысында.

Сонымен қатар жаңбыр мен қар суына арналған кәріз жүйелерін салу жұмысын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, 2016 жылы 3 тазарту қондырғысы салынған. 2017 жылы тағы үшеуін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Үш магистральді коллектор саламыз, соның ішінде Есіл өзеніне су төгетін коллектор жүргізіледі. Соның арқасында 2017 жылы қаланың сол жағалауындағы су бұру жүйелері ретке келтіріледі. 2018 жылы тағы он нысан салынады», - деді әкім.

Өз кезегінде Елбасы Талдыкөл мәселесі шешімін тапқанын атап өтті.

«Енді кіші Талдыкөлдің проблемасы қалып отыр. Қаланың түрлі аудандарында кәріз жүйелерінің жарамсыздығы да үлкен мәселе», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар