Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Астана әкімі балмұздақ сатушысына шара қолданатын болды

Астана әкімі балмұздақ сатушысына шара қолданатын болды
2017 жылғы 19 маусым 23:56 1015

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны үшін балмұздақ сатушысына қатысты шара қолданбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қабылдадым. Тиісті шара қолданылады. Бұл заңсыз, басқаша айтқанда рұқсат етілмеген жерде жасалап жатқан сауда. Полиция мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері онымен айналысуда»,-деп жазды ол фейсбуктегі топтағы Тимура Уразаков атты азаматтың парақшасының астына.

Тимур Уразаков сатып алушыларға балмұздақ салып беретін қасығын субұрқақтың суына жуғандығын жазған болатын.

«Мен қазір ғана балмұздақ сатып тұрған әйел адамның субұрқақтан шынымен су алып келіп, өзінің жанына қойып қойғандығын байқадым. Мен сатушының ол суды неліктен алып келгендігін білмек болып бақылап тұрдым. Алайда мен сатушының ол сумен балмұздақ салатын қасығын жуады деп ойламадым. Өйткені оның жанында кішкентай баласы тұрған болатын. Өкінішке орай мен қателесіппін. Сосын сатушының әрекетін түсіріп алдым. Құзырлы органдар көрген болса шара қолдансын»,-деп жазды.

 

 

 

Басты сөздер: Мәдениет, Астана, Заң,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер